Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайы
0
Нашар көретіндерге арналған нұсқа
Комбинаттың еңбек даңқы

Еңбек күні қарсаңында, 2018 жылдың 26 қыркүйек күні Лисаков Жоғарғы Тобыл тарихы мен мәдениеті мұражайында «Комбинаттың еңбек даңқы» атты көрменің ашылуы өтті.

 

Көрменің ашылуы екі ұрпақтың, аға буын – Лисаковск тау-кен байыту комбинатының ардагерлерімен және Лисаков техникалық колледжінің студенттері, «Пайдалы қазбаларды ашық түрде қазу» тобы оқушыларымен кездесуі түрінде өтті. Ардагерлер: А.К.Буханова, А.К.Графеев, С.И.Уткаев, О.М.Лантух, Н.А.Уткаева, сондай-ақ Лисаков техникалық колледжінің директоры Г.В.Будкевич жастрға өз тілектерін білдірді.

 

Көрме Лисаковск тау-кен байыту комбинатының 1970-1980 жылдары аралығында Лисаков қаласын құрушы кәсіпорын ретінде тарихта қалғанын баяндайды. 1979,1981,1986 жылдары еңбек ұжымы КОКП ОК, КСРО Кеңес министрлігі, БКООК және БЛКЖО ауыспалы Қызыл Туымен марапатталды және КСРО Халық шаруашылығы жетістіктерінің көрмесінің құрмет тақтасына енгізілді. КСРО-ның құрылғанына 60 жыл толуына орай бүкілодақтық жарыста кәсіпорын еліміздің тау-кен өндіру комбинаттарының арасында үздік деп танылды.

 

Келушілер назарына ЛКБК-ның ардагерлері мен үздік қызметкерлерінің құжаттары, наградаларымен және үш жүзге жуық фотосуреттері ұсынылды. Фотосуреттерді ЛКБК тарихи-өндірістік мұражайының негізін қалаушы С. М. Ляпустина жинаған, сондай-ақ «Лисаковская новь» газетінің фотомұрағатынан В.А.Кошелев мұражайға табыстаған. Көрме 2018 жылдың 20 қарашасына дейін жұмыс істейтін болады. Мұражай қызметкерлері Лисаковск техникалық колледжінің студенттері мен оқушыларына экскурсия ұйымдастырып, онда олар Лисаков темір кен орнының ашылу тарихы, ЛКБК тарихы туралы, ЛКБК мирасқорлары – «Өркен» ЖШС ЛФ «АрселорМиттал Теміртау» АҚ қызметі туралы біліп, бейнероликті көре болады.